OMODA & JAECOO дилері болыңыз
OMODA & JAECOO — мәнерлі дизайнды, заманауи технологиялар мен жайлылықты біріктіретін автокөлік брендтері. OMODA динамикалық қалалық өмір салтына бағдарланған, ал JAECOO — қозғалыс еркіндігін бағалайтындарға және жаңа бағыттарды ашуға ұмтылатындарға арналған.
Қазақстанда OMODA & JAECOO ресми дистрибуциясын «Астана Моторс» компаниясы жүзеге асырады. Өңірлік қатысуды дамыту автокөлік бизнесін дамытуға және клиенттік сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге дайын серіктестер үшін мүмкіндіктер ашады.
OMODA & JAECOO дилерлік орталықтары автокөліктерді сатуды, сатудан кейінгі қызмет көрсетуді және клиенттерді түпнұсқа қосалқы бөлшектермен әрі аксессуарлармен қамтамасыз етуді біріктіреді. Орталықтардың жұмысы брендтердің стандарттарын сақтауды қамтиды: фирмалық безендіру, қызметкерлерді оқыту және сервистік аймақты қажетті жабдықтармен және арнайы құралдармен жарақтандыру.
Біздің мақсатымыз — қызмет көрсету сапасына бірыңғай тәсілді сақтай отырып, OMODA & JAECOO автокөліктерін сатып алу мен қызмет көрсетуді Қазақстан өңірлеріндегі клиенттер үшін қолжетімді ету.
Дилерлік желіні кеңейту аясында ресми дистрибьютор компанияларды OMODA & JAECOO ресми дилері мәртебесін алу конкурсына қатысуға шақырады:

- Алматы (Қалқаман ауданы) — [3S] форматы
- Атырау — [3S] форматы
- Қызылорда — [3S] форматы
- Семей — [3S] форматы
- Тараз — [3S] форматы
- Түркістан — [3S] форматы
- Орал — [3S] форматы
- Жезқазған — [3S] форматы
- Шымкент — [3S] форматы
3S форматындағы дилерлік орталық үш бағытты дамытады:
- Sales — жаңа автокөліктерді сату.
- Service — техникалық қызмет көрсету, диагностика, кепілдікті және кепілдіктен кейінгі жөндеу.
- Spare Parts — түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сату.
Конкурсқа қатысу үшін «OMODA & JAECOO дилерлігіне кандидаттың бастапқы сауалнамасын» жүктеп алып, толтырыңыз. Сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, сауалнаманы дилерлік желіні дамытуға жауапты дистрибьютор өкілі Радмир Шахмардановқа (OMODA&JAECOO Даму департаментінің директоры) жіберуіңізді сұраймыз.
Ra.Shakhmardanov@1motorgroup.kz